Запорожье облысындағы жағдай қайта шиеленісе түсті. Украина Қарулы күштері Нововасильевское елді мекенінен әскерін шығарып, қорғанысқа тиімді жаңа шепке орналастырды. Бұл туралы Украина Бас штабы ресми түрде хабарлады.
Шегініс әскери тәртіпті қайта топтастыру, майдан шебінің конфигурациясын өзгерту және жеке құрамның өмірін сақтау мақсатында жасалғаны айтылды.
Бұған қоса, аймақтағы қарқын бәсеңдеген жоқ: қарсылас штурм әрекеттерін күшейтіп, артиллериялық соққылардың санын азайтпай отыр. Соңғы тәулікте Александровка мен Гуляйполе бағыттарында 40-қа жуық қақтығыс тіркелген.
Бас штабтың дерегінше, тәулік ішінде 350-ден астам артиллериялық соққы жасалып, 1500-ге жуық оқ-дәрі қолданылған. Қарсылас тараптың шығыны – 300-ге жуық әскери күш пен 58 бірлік техника, оның ішінде танк, бронетехника және әртүрлі артиллериялық жүйелер бар.