Норвигтің айтуынша, Қазақстан билігінің айқын бағыты, тұрақты саясаты және технологияға салған инвестициясы елдегі инновациялық экожүйенің жылдам өсуіне жағдай жасап жатыр.
Google-дың аңыз ғалымы Питер Норвиг: «Қазақстан мұнайдан ЖИ-ге өтетін ең батыл трансформация жасап жатыр»
274
оқылды

Жасанды интеллект әлеміндегі ең беделді тұлғалардың бірі, әйгілі Google Research-тің бұрынғы директоры, әлемдегі №1 AI оқулығы «Artificial Intelligence: A Modern Approach» авторларының бірі Питер Норвиг Қазақстанның жоғары білім, ғылым және технология бағытындағы реформаларын жоғары бағалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол бұл пікірін Кай-Фу Лидің шақыруымен Қазақстан Президенті жанындағы ЖИ дамыту кеңесіне қатысқаннан кейін айтты.

Питер Норвигтің айтуынша:

* Қазақстан – мұнайлы ел, бірақ экономикасын ЖИ бағытына батыл бұрып отырған мемлекет.

* Елдің демографиясы жас, жастар технологияға қатты қызығады.

* Білімге ерекше көңіл бөлінген: қазір елде 30-ға жуық шетелдік университет филиалы жұмыс істейді.

* Қазақстан иммиграция шектеулерін дұрыс пайдаланып, шетелдік студенттерді көп тартып жатыр, өз студенттерін де халықаралық деңгейде оқытуда.

* Startup экожүйесі венчурлық капиталға емес, мемлекеттік гранттарға сүйенеді,  бұл – ерекше модель, бірақ нақты нәтиже беріп жатыр.

* Елде алғашқы «единорогтар» пайда болды.

Ең маңыздысы — Үкімет ұзақмерзімді, байыпты курсты ұстанып отырғанына қоғамды сендіре алған.

Норвигтің айтуынша, Қазақстан билігінің айқын бағыты, тұрақты саясаты және технологияға салған инвестициясы елдегі инновациялық экожүйенің жылдам өсуіне жағдай жасап жатыр.