ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-ші сессиясында Қазақстан тарапынан берілген бірнеше ұсыныс қолдау тапты.
Қайраткерлер халықаралық деңгейде мойындалды
759
оқылды

Әйгілі опера әншісі Ермек Серкебаев пен көрнекті кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойлары 2026-2027 жылдары халықаралық ұйым аясында аталып өтілетін атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді. Бұл – ұлттық әрі әлемдік мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан қазақстандық қайраткерлердің халықаралық деңгейде лайықты мойындалуының бір белгісі.

ЮНЕСКО-ның Атаулы күн­дер күнтізбесі – Ұйым тарапынан қол­дау тапқан және халықаралық дең­гейде ұйымдастырылатын атау­лы күндер мен мерейтой­лар­дың, ма­ңызды оқиғалардың ресми тізімі.

ЮНЕСКО Хатшылығының мәліметінше, Ұйым 1956 жылдан бері 1 234 атаулы күнді мереке­леу­ге атсалысқан. Соның 31-і Қазақ­станның ұсынысы бойынша ен­г­ізілген. Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлының 150 жылдық, Шымкент қаласының 2200 жыл­дық, Алматы қаласының 1000 жыл­дық, Мұхтар Әуезовтің, Қаныш Сәтбаевтың, Сәбит Мұ­қановтың 100 жылдық мерей­той­лары және басқа да атаулы күндер ЮНЕСКО қолдауымен халықара­лық деңгейде тойланды. Осы жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пә­тер­інде әйгілі композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерек­елік концерт ұйымдастырылды.