Бұл хабарламаны желі қолданушылары байқап, «102» нөміріне жіберген.
Алматыда 21 жастағы жігіт әлеуметтік желіде «жарылыс жасаймын» деп жазғаны үшін ұсталды
419
оқылды

Алматыда 21 жастағы жігіт әлеуметтік желідегі пікірінде «жарылыс жасаймын» деп жазғаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл хабарламаны желі қолданушылары байқап, «102» нөміріне жіберген. Одан кейін Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жазбаның авторын жедел анықтады. Ол – 2004 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Жігіт полиция бөліміне жеткізілді.

 

Полиция мұндай әрекеттердің әзіл ретінде қабылданбайтынын еске салды. Айтуларынша, желіде «жай ғана жазылған» кез келген қауіп төндіру – нақты қауіп ретінде бағаланады және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.