Мысалы, Зеренді ауылының тұрғыны, бұрын 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан алкогольдік мас күйінде рульге отырған.
Ақмолада қайтадан мас күйінде рульге отырған адам 1 жыл 6 айға сотталды
745
оқылды

2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша,  Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша ("көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы, сондай-ақ мас күйінде басқару") 96 адам көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылып, сотталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мысалы, Зеренді ауылының тұрғыны, бұрын 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан алкогольдік мас күйінде рульге отырған.

Анықталғандай, сотталған азамат Зеренді ауылында ауыл шаруашылығы техникасын, яғни «Т-40» маркалы дөңгелекті тракторды басқарған.

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Аталған кезең ішінде 1 549 жүргізуші мен көлік иесі әкімшілік қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралын басқару – бұл заңды бұзу ғана емес, ең алдымен адам өміріне тікелей қауіп төндіретін әрекет екенін ескертеміз.

Сондай-ақ көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік мас күйіндегі адамға басқаруға беру немесе рұқсат ету де жауаптылыққа әкеледі.

Мұндай құқықбұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігінен айырудан бастап, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі қатаң шаралар қарастырылған.