Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Алматы облысы Ұйғыр ауданында қоғамдық тәртіпті бұзған 18 адам жауапқа тартылды
2,425
оқылды

13 қараша күні Алматы облысының Ұйғыр ауданында шет мемлекеттік туды және шет мемлекет басшылығының бейнесін өртеп, өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасаған азаматтар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Аталған фактіге қатысты араздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс тіркелді.

– Материалдарды сотта қарау қорытындысы бойынша 12 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген ресми хабарламада. 

Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ араздық тудырып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекет — заңның өрескел бұзылуы екенін және мұндай фактілер қатаң заң тәртібімен тоқтатылатынын қатаң түрде ескертеді.