Астанада 15 және 16 қараша күндері Алаш тасжолының бойында орналасқан "Керуен жолы" базарында ет жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Іс-шараға Абай, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының фермерлері қатысады. Олар сиыр етін делдалсыз, бір келісін 2 700-3 000 теңге аралығында сатады.
«Біз мұндай жәрмеңкені былтыр да өткізгенбіз. Халықтың сұранысы жоғары. Бұл кезде жұрт көбіне соғымға тұтас ет алады. Фермерлер тікелей сатқандықтан, баға арзанырақ болады», – деді ұйымдастырушы Айтуған Күзембаев.
Жәрмеңкеде еттен бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін де төмен бағамен сатып алуға болады.