Шымкент қаласында Ардагерлер кеңесі, «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы және Білім басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдас- тыруымен «Цифрлық қоғамның мүмкіндіктері мен тәуекелдері: ұлттық құндылықтар тұғырындағы тәлімді тәрбие» атты аймақтық форум өтті.
Құндылықтардың сабақтастығы талқыланды
1,046
оқылды

Іс-шараның басты мақсаты – цифрлық қоғам дәуірінде жа­сан­ды интеллектінің дамуы мен ұлттық құндылықтарға негізделген тәлім-тәрбиенің үйлесімділігін қамтамасыз ету жолдарын тал­қылау, үздік тәжірибелерді таратып, құзырлы органдарға нақты ұсы­нымдар әзірлеу болды.

Форум жұмысына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық фи­лиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, арда­герлер мен зиялы қауым өкілдері, өңірлік білім басқармалары мен әдістемелік орталық мамандары, ғалымдар, педагогикалық оқу орындарының оқытушылары мен профессорлары, мектеп мұ­ға­лімдері, ата-аналар, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған Ербол Байқонысов цифрлық технологияның қо­ғам өміріндегі рөлін атап өтіп, оның ұлттық болмысқа кері әсе­рін болдырмаудың маңыздылығына тоқталды:

«Бүгінде жасанды интеллект пен цифрлық орта біздің өмі­рі­міздің ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ осы мүмкіндіктермен қа­тар, тәуекел де бар. Сол себепті технологиялық даму ұлттық құн­дылықтарымызға қайшы келмей, керісінше, ұлт тәрбиесіне, жас ұрпақтың рухани кемелденуіне қызмет етуі керек», – деді ол.

Форум аясында ұлттық құндылықтар мазмұнындағы ғылыми және оқу-танымдық әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Сон­дай-ақ Академия серіктестері әзірлеген подкасттар мен зерттеу ең­­­­бектеріне сілтемелер ұсынылды.

Шара соңында қатысушылар форум қарарын қабылдап, дайын­далған ұсынымдар тиісті уәкілетті органдарға жолданатын бол­ды. Барлық қатысушыларға электронды сертификаттар табыс­тал­мақ.