Спортшылар 4×100 метрге еркін стильде жүзу эстафетасында екінші орынға жайғасты.
Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Ислам ынтымақтастығы ойындарының жүлдегері атанды
Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҰОК
445
оқылды

Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Спортшылар 4×100 метрге еркін стильде жүзу эстафетасында екінші орынға жайғасты.

Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Айбат Мырзамұратов, Глеб Коваленя және Даниил Черепанов жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

ҚР ҰОК мәліметінше, алтын медаль Түркия құрамасына бұйырды, ал Өзбекстан үздік үштікті түйіндеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.