Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы ана атанды, – деп жазды Aikyn.kz.
Қуанышты жаңалықты өнер иесінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Сүйінші! Бүгін өміріміздің ең тәтті үні естіліп, жер бетіне менің кішкентай ханзадам келді. Құттықтауларыңызды қабылдауға дайынбыз”, – деп жазды ол.
Әншінің қызы ұлды болды.
Еске салайық, былтыр 16 жасында тұрмысқа шыққан ол қоғамда қызу талқыға түскен еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.