Ерлі-зайыпты блогерлер тоғыз жылдан бері сәби күткен.
«Таңғы 5-те оятты»: Ләйлә Сұлтанқызы әке атанған Елдос «Колобокты» құттықтады
1,386
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде «Елдос Колобок» лақап атымен танымал блогер, әзілкеш әрі асаба Елдос Қадырхановты құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Бақыт. Таңғы 5-те (біздің уақытпен) телефон қоңырауы оятты. «Мәриям» қоры ұжымы сүйінші сұрап… Осындай жаңалықтан кейін ары қарай қалай ұйықтайсың, а? Құттықтаймын, жандарым! Бағы бес елі, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз болсын! Алланың қалауымен,  Алмаз Құрманәліұлының арқасында атұстар келді. Жұғысты болсын!» - деп жазды тележүргізуші.

Айта кетейік, ерлі-зайыпты блогерлер тоғыз жылдан бері сәби күткен. Бүгін олардың ұлы өмірге келді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.