Бұл түзетулер жалған операцияларды жүргізу мүмкіндігін азайту арқылы ел экономикасына оң әсерін тигізеуі мүмкін
Енді елімізде жалған мекенжайлар бойынша заңды тұлғаларды тіркеуге тыйым салынады
www.istockphoto.com
397
оқылды

Әділет министрлігі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жобасын әзірледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 2025 жылғы 15 қарашаға дейін көпшілік талқылауына орналастырылған.

Әділет министрлігінің мәліметінше, бұл түзетулер жалған операцияларды жүргізу мүмкіндігін азайту арқылы ел экономикасына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Қағидаларға қаржылық мониторинг субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) тиісті тексеруден өткізуін және жылжымайтын мүлік иелерінің келісімінсіз жалған мекенжайларды пайдалана отырып, заңды тұлғаларды тіркеудің алдын алуды қамтамасыз ететін нормалар енгізіледі.