Ұсталған 132 шетелдік азамат ҚР заңнамаларын бұзған.
Павлодарда 9 шетелдік ел аумағынан шығарылды: көші-қон заңнамасын бұзған
www.istockphoto.com
211
оқылды

Павлодарда көші-қон саласындағы құқықбұзушылықтар үшін 132 шетелдік азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

- Ұсталған 132 шетелдік азамат ҚР заңнамаларын бұзған. Соттарға 93 әкімшілік материал жолданды. Соттардың қарауы нәтижесінде 9 шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды. Тағы 37 шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімі қысқартылды. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану бойынша 43 деректі анықтады. Барлық дерек бойынша шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа қабылдаған жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов.

Сондай-ақ ел аумағында шетелдіктердің белгіленген ережелерді сақтауын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 45 азаматына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.