Биыл жұбайының дүниеден өткеніне 15 жыл болады.
«Ғашық болып көрдім, бірақ Айгүлдей болмады...»: Медеу Арынбаев жан сырын ақтарды (видео)
1,751
оқылды

Әнші Медеу Арынбаев “Бүгін. Live” бағдарламасына берген сұхбатында марқұм жұбайын еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Биыл жұбайының дүниеден өткеніне 15 жыл болады. Әнші осы уақытта талай адамды жолықтырып, ғашық болған. Алайда ешбірі жұбайының орнын баса алмағанын айтып, ағынан жарылды.

«Айгүлдей жар сүйетінімді бала күнімнен білдім. Бір көрдім, ғашық болдым, одан бері қанша жыл өтті. 12 жыл отауластық, ұлды болдық, қызды болдық. Өкінішке қарай, биыл желтоқсанда дүние салғанына 15 жыл болдаы екен. Уақыт өтіп жатыр. Адалдыққа қатысты қаншама әндер шығып жатыр. Жасырмаймын, мені көрсеқызарлыққа салынбады дейсіңдер ме? Ешкімге әуестенбеді дейсіңдер ме? Бірақ болмады, сәті түспеді. Айгүл дүние салғаннан кейінгі алғашқы 5 жылда ғашық та болып көрдім, жолықпады емес, жолықты, алайда Айгүлдей болмады. Мұны түсіндіре алмаймын», – деді әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от JIBEK JOLY (@jibek_joly.tv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.