Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға желі қолданушылары қолдау білдіріп, жұбату сөздерін жазып жатыр.
«Денемді пышақ салып, кеспеңдер...»: Заманбек Нұрқаділовтің соңғы жазбасы жарияланды (видео)
1,283
оқылды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің жазбасын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Онда Заманбек Нұрқаділовтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзінді келтірілген.

«Кенет өлсем ақ денемді, пышақ салып кеспеңдер!

Іште жатқан бар ізгілік босқа ұшпасын теспеңдер! 

Ақ жарқынды, ақ келбетті шешем тосып жатыр ғой! 

Мені өсірген Ару ана жанына алсын, Батыр ғой!". 

Бейнежазбадан осындай жолдарды оқуға болады. Сонымен қатар саясаткер жұбайына да арнап өлең жазған.

«Сенесің бе? Бір өзіңнен басқа жаннан бір жақсылық көрмеппін...

Дарын қонған асыл жанға еркіндікті бермеппін...

«Махаббат бар» деп, қолды көп жыл сермеппін...

Мен жолыңды аша алмаппын, жібек жіппен кермеппін...

Дірілдеген әр әніңді моншақ жасап термеппін...», - деп жазылған өлең жолдарында. 

Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға желі қолданушылары қолдау білдіріп, жұбату сөздерін жазып жатыр. 

«Өмірден өтерін сезген сияқты», «Өзінің оқыстан кететінін сезіп жүрген екен ғой ағамыз», «Ағамыздың жазуының кереметін ай!», «Мақпал сен бақыттысың. Елін сүйген, ел сүйген азаматтың жары болдың. Әттең әрине өмірінің қысқа болғаны өкінішті», - деп жазды оқырмандар. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.