Ең қызығы Aleem жоба ретінде жарнама мен инвестициясыз, тек команда мүшелерінің идеяға деген сенімі мен еңбегі арқылы жүзеге асты.
Қазақ студенттері жасаған Aleem қосымшасы Duolingo-ны озып, App Store көшін бастады
567
оқылды

АҚШ-та білім алып жүрген қазақстандық студенттер әзірлеген Aleem атты тіл үйрету қосымшасы қысқа уақыт ішінде танымалдылыққа ие болып, App Store рейтингінде көш бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ең қызығы Aleem жоба ретінде жарнама мен инвестициясыз, тек команда мүшелерінің идеяға деген сенімі мен еңбегі арқылы жүзеге асты.

Тек бір күннің ішінде қосымшаны 50 мыңнан астам адам жүктеген. Бұл көрсеткіш толықтай органикалық өсуге негізделген.

Aleem-нің басты артықшылығы — жеке дараландырылған оқыту жүйесі. Қосымша әр қолданушының қызығушылығына сай контент ұсынып, смартфонды жеке репетиторға айналдырады.

Жобаны жүзеге асырған команда:

Алидар Күчуков – CEO & Co-founder

Асылжан Алтай – CMO & Co-founder

Темірлан Аманжанов – CTO

Ален Алтай – CCO

Бердібек Сапарбеков – COO

Сондай-ақ командада founding инженер Темірлан Темірбаев және дизайнерлер Айя Жұмағалиева мен Амаль Садекова бар.

Қазіргі таңда Aleem қосымшасы:

Қазақстан мен Қырғызстанда – 1-орында

Тәжікстанда – 2-орында

Түрікменстанда – 6-орында

Өзбекстанда – 11-орында

Ресейде – 12-орында.

Бұл жетістік — қазақ жастарының әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, сапалы әрі заманауи өнім жасай алатынының жарқын мысалы. Команда бұл табысты отандық технология саласының әлеуетін көрсететін нақты көрсеткіш деп бағалап отыр.