Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Атырауда 2 жасар бала балконнан құлап, мерт болды
1,132
оқылды

2025 жылғы 11 қарашада Атырау қаласының Азаттық проспектісіндегі көпқабатты үйлердің бірінен екі жастағы бала бесінші қабаттың балконынан құлап, алған жарақаттарының кесірінен сол жерде мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық жедел медициналық көмек стансасының мәліметіне сәйкес, оқиға күндізгі уақытта болған. Бала алған жарақаттары өмірге қауіпті болғандықтан, "103" бригадасы келгенге дейін көз жұмды.

Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

"Оқиға шамамен сағат  12:00-де болды. Бала алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Дене облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", – деді облыстық жедел жәрдем стансасы.