Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге барды
402
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді. 

Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.