Тоқаевтың бортын Ресей аспанында Су-35 ұшақтары қарсы алып, Мәскеуге дейін қапталдасып ұшты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен баратыны жөнінде хабарлаған едік.

 

Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.