Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҰҚКД-мен бірлесіп, аудандық полиция бөлімінің қызметкерін құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен ұстаған.
– Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша болған оқиғаның бүкіл мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Осы ретте Полиция департаментінде тәртіптік комиссияның отырысы өткізіліп, оның шешімімен қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды, – делінген ресми хабарламада.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ұсталған полицей жергілікті тұрғында тіркелмеген аңшылық қару барын анықтаған. Қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін одан 200 мың теңге талап еткен.