11 қарашада Ақмола, СҚО, Қарағанды, Ұлытау және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" маңызды ескерту жариялады.
– Жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз, – делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.