Өнер иесі музыкалық продюсер Бағым Мақсатқызының концертінде ән айтқаннан кейін көрермен тарапынан түрлі сұрақ келе бастаған.
«Мені мазақ етудің керегі жоқ»: Ерке Есмахан оқырмандарына ашуланды
Фото: Instagram/erke_esmahan
5,491
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған әңгімеге жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі музыкалық продюсер Бағым Мақсатқызының концертінде ән айтқаннан кейін көрермен тарапынан түрлі сұрақ келе бастаған. Оқырмандарының көпшілігі әншінің сыртқы бейнесіне қарап, аяғы ауыр деп болжаған.

Алайда әнші сәбиін төрт ай бұрын ғана өмірге әкеліп, енді есін жиғанын айтты.

«Төрт айдың ішінде өзімді әрең жинадым. «Аяғың ауыр ма?» деп жазып, мені мазақ етіп керек емес. Ондай жазбалар үшін бірден блокқа кетесіздер», – деп ашуланды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.