Әнші Медеу Арынбаев «Бүгін.live» бағдарламасында отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Медеу Арынбаев келесі жылы ұлы отбасын құрып, келінді болатынын айтты.
«Ендігі жылы ұлымды үйлендірмек ойымыз бар. Мұқият бол деп айтып жатырмын. Бірақ достасып, махаббат болып, қол ұстасып жүрген құрбысы бар. Ешқандай талап қоймаймын, талапты өзі біледі. Өздеріңнің Конституцияларың болу керек деймін. Біз ниетімізді білдіреміз, тілеулеспіз. Өздеріңмен өздерің болып кетіңдер деймін. Ата-аналарыңның сенімін ақтаңдар деп үнемі айтып жүремін, бірақ соңында өздеріңмен өздерің болып кетсеңдер болды деймін. Жалпы, жастарға үнемі солай айтамын», - дейді Медеу Арынбаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.