Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары қарсаңында Мәскеу көшелері Қазақстан және Ресейдің туларымен безендірілді

Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресейге барады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары қарсаңында Мәскеу көшелері Қазақстан мен Ресейдің туларымен безендірілді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Екі елдің туы қала орталығына қарай Ленин даңғылы бойымен, Октябрьская метро станциясына дейін безендірілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресейге сапармен барады. Сапар барысында Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.

Кремль бұған дейін Қазақстан президентінің Ресейге алдағы мемлекеттік сапары кезінде Путин мен Тоқаевтың екіжақты қарым-қатынасты, сондай-ақ негізгі аймақтық және жаһандық күн тәртібін талқылайтынын хабарлаған болатын. 

Сондай-ақ, көшбасшылар бейнеконференция арқылы Қазақстанның Орал қаласында болатын 21-ші Ресей-Қазақстан аймақаралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.