Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбазға қатысты тапсырма берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Президент көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды», - деп жазды Руслан Желдібай.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.