Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Денис Мантуровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровпен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттарын талқылаған болатын.