Ислам ынтымақтастығы ойындары Эр-Риядта өтіп жатыр
Қазақ спортшылары Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі алтын жеңіп алды
Сурет: instagram.com/mussin_adilbek
2,306
оқылды

Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан спортшылары жүзуден екі алтын медаль иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу финалында 26.99 нәтижесімен бірінші орын алды. Екінші орынды мысырлық Фарида Осман (27.04), үшінші орынды сенегалдық Оуми Диоп (27.31) иеленді.

Ерлер арасында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин 23.85 көрсеткішімен үздік болды. Қазақстандық Максим Сказобцов 23.87 уақытпен күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола жүлде Мысыр спортшысы Абдельрахман Эльсайедке бұйырды (23.90).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз