Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аруна Жангелдина Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Olympic.kz мәліметінше, отандасымыз 78 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.
Финалда Джангельдина Камерун балуаны Георгику Мунесті жеңді.
Айта кетейік, Аруна Жангелдина осы ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз