Бағаға тек климат, энергия көзін қайдан алып отырғаны емес, есептеу құрылғысы, желінің жағдайы және жылумен қамту компаниясының саясаты әсер етеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл қаңтар айына қарағанда көп өңірде жылу бағасы көтерілді, ал кейбірінде сол күйі өзгеріссіз қалды. Бағаны салыстырған кезде 1 гигакалориясының құны қанша екені есепке алынды.
Еліміздің оңтүстігіндегі қалаларда баға әдеттегідей төмен. Түркістанда 1 Гкал жылу құны 3 207 теңге, Қонаевта 3 532 теңге және Қызылордада 3 589 теңге.
Жезқазғанда 3 663 теңге, ал есептеу құрылғысы болса 2 906 теңге.
Еліміздің астанасында есептеу құрылғысы болса жылу құны - 3 929 теңге/Гкал, ал егер құрылғы болмаса - 4 727 теңге/Гкал.
Талдықорған қаласында есептеу құрылғысы болмасы гигакалориясы 4 864 теңге, егер құрылғы қондырса 3 635 теңге есептеледі.
Өскемен қаласында жергілікті тұрғындар гигакалориясына 5 116 теңге төлеп жүр. Ал егер есептеу құрылғысы болса гигакалориясы 3 641 теңгеге түседі.
Ақтөбе қаласында баға 5 мың теңгеден жоғары. Жылу тарифі гигакалориясына – 5211 теңге.
Ақтау қаласында тариф өзгерді. Баға биыл тамыз айында көтеріліп, ауданы 100 шаршы метрге жетпейтін пәтер тұрғындары есептеу құрылғысы болмаса гигакалориясына 5 400 теңге төлеп жүр.
Көкшетау қаласында баға орта есеппен 23% теңге өсті. Егер есептеу құрылғысы болмаса тұрғындар гигакалориясына 5 507 теңге, ал болса 2 529 теңге төлейді.
Павлодарда жылу 12,7% көтерілді. Есептеу құрылғысы болмаса 1 Гкал - 5 470 теңге ( ҚҚС қосқанда).
Қарағандыда жеке тұлғалар жылуға 5 537 теңге төлейді.
Қостанайда 2025 жылдың 1 қазанынан бастап жылу тарифі 6 301 теңге болды. Егер есептеу құрылғысы болса 5 069 теңге төлейді.
Таразда ҚҚС қосқанда тұрғындар үшін тариф - 6 258 теңге/1 Гкал. Егер есептеу құрылғысы болса – 4985 теңге.
Семейде 2025 жылдың 1шілдесінен бастап тариф өзгерді және 2026 жылдың 30 шілдесіне дейін есептеу құрылғысының бар-жоғына қарай екі түрлі төлем сақталады. Егер есептеу құрылғысы болмаса 1 Гкал - 6 362 теңге (егер құрылғы болса 5031 теңге/Гкал).
Орал қаласынан бастап тариф жоғары. Мұнда жылу есептеу құрылғысы болса да, болмаса да гигакалориясына - 6 946 теңге.
Шымкентте тамыз айынан бастап жылу тарифі 1 гигакалориясына 7 230 теңге деп бекітілді.
Атырауда есептеу құрылғысы болмаса жеке тұлғалар гигакалориясына 7 470 теңге теңге, ал егер есептегіш құрылғы қондырса 6 021 теңге төлейді. Тозығы жеткен және апатты үйде тұратын адамдар 1 Гкал-ға 6 225 теңге төлейді.
Петропавл қаласында жылу тарифі 2025 жылдың 1 қаңтарында өзгерді. Егер үйде есептеу құрылғысы болмаса Гкал-на 7 891 теңге есептеледі. Ал құрылғы болса тариф - 6038 теңге.
Жылу тарифі Алматы қаласында қымбат. Мұнда тұрғындар жылудың гигакалориясына 8403 теңге төлейді. Егер үйде есептеу құрылғысы болмаса 10 084 теңге сұрайды. Есептеу құрылғысы болса тариф - 8 248 теңге. Ескі, апатты үйдің тұрғындары есептеу құрылғысын техникалық талапқа сай қондыра алмайды. Олар үшін тариф Гкал-на 8403 теңге.