Бұл туралы заңгер Инга Иманбай өзінің Instagram парақшасында жазды.
Түркияда ем алған сарбаз Ербаян Мұхтар Қазақстанға оралды
5,262
оқылды

Түркияда ем қабылдаған сарбаз Ербаян Мұхтар Қазақстанға оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы заңгер Инга Иманбай өзінің Instagram парақшасында жазды.

Инга Иманбайдың айтуынша, Ербаянның қазіргі жағдайы тұрақты.

"Қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлер ем толық әсер етуі үшін кемінде 3 ай уақыт қажет екенін айтты. Сол себепті үш айдан кейін Ербаян қайтадан Стамбулға барып, емнің реабилитациялық бөлігін жалғастырады", – деп мәлімдеді ол.

Заңгер сарбаздың шетелде ем алуына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен ұшу мәселесін шешуге атсалысқан генерал Қайрат Үмбетовтің қолдау көрсеткенін атап өтті.

"Екі рет шетелде ем алу – үлкен еңбек пен жанашырлықтың нәтижесі. Алайда жарақатының ауырлығына байланысты өзгеріс бірден байқалмай отыр. Бұл – дәрігерлер күтетін де, біз түсінетін де процесс. Соған қарамастан, Ербаян өзіне лайықты өмір сүру үшін күресіп жатыр. Оған осы жолда сіздердің қолдауларыңыз күш беріп келеді", – деді Инга Иманбай.

Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар 2 қыркүйекте екінші кезеңдегі емін алу үшін ата-анасымен бірге Ыстанбұлға ұшып кеткен болатын.