Осыған байланысты ай бойы демалыс тек сенбі-жексенбі күндеріне сәйкес келеді, жұмыс кестесінде өзгеріс жоқ.
Қараша айында қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды
1,080
оқылды

Қараша айында Қазақстанда ресми мерекелік күндер жоспарланбаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осыған байланысты ай бойы демалыс тек сенбі-жексенбі күндеріне сәйкес келеді, жұмыс кестесінде өзгеріс жоқ.

Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін азаматтар 10 күн демалып, 20 күн жұмыс істейді. Ал алты күндік жұмыс аптасындағы қызметкерлер үшін демалыс тек жексенбіге түсіп, 5 демалыс, 25 жұмыс күні болады.

 

Еңбек күнтізбесінде қысқартылған жұмыс күні де қарастырылмаған. Сарапшылар демалысты жоспарлауда айдың басы мен соңындағы демалыстарды тиімді пайдалануға кеңес береді.