23 жастағы ер адам бұрын бұзақылық үшін сотталған еді, алайда бостандыққа шыққаннан кейін көп ұзамай тағы да қателік жасап, ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жазды.
Комитет таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазір ол істеген ісінің ауырлығын толық түсінеді. Оның айтуынша, ең үлкен өкініші — өз әрекеттерімен ата-анасына ауыртпалық түсіргені. Әсіресе жүрек ауруынан қайтыс болған әкесінің өлімі оны қатты күйзелткен. Бұл оқиға оған үлкен соққы болған.
– «Әкемнің қайтыс болғанын естігенде, өзімді кешіре алмадым. Сол кезде мен өз іс-әрекеттерімнің салдары қаншалық ауыр болатынын түсіндім. Енді түзеліп, анамның үмітін ақтап, бостандыққа шыққан соң жаңа өмір бастағым келеді», – дейді ол.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, сотталған азамат тәртіпті, еңбекке белсенді қатысады. Ол әлеуметтік және психологиялық қолдау алып, қоғамға қайта оралу жолында нақты қадамдар жасап жүр.