Мамандар лизинг пен кредиттің келесі оң және теріс жақтарын атады
Жаңа автокөлікті сатып алуға кредит дұрыс па? Лизинг тиімді ме?
4,789
оқылды

Мемлекет басшысы жуырда халық жеңіл автомобильді лизингпен ала алатынын мәлімдеді. Оның пайымдауынша, осының арқасында «темір тұлпар» халыққа мейлінше қолжетімді болады. Сарапшылар мұның оң және теріс жақтары барын айтады. Сонымен бірге президенттік тапсырманы орындаудың тетігі, жай-жапсары да әзірге жарияланған жоқ. 

Мамандар лизинг пен кредиттің келесі оң және теріс жақтарын атады. Автокредиттіңавтокөл «плюсы»: бірін­шіден, сіз бірден автокөліктің толыққанды меншік иесіне айналасыз. Бұл құқықтан тек несиеңізді өтемесеңіз айырыласыз. Екіншіден, бастапқы жарна талап етілмеуі мүмкін. Үшіншіден, машинаны қалай пайдаланамын, қалай және қайда жүргіземін десеңіз де шектеу жоқ. Төр­тін­шіден, Қазақстанда мемлекет немесе автоөндірушілер тарапынан дүркін-дүркін үлкен жеңілдікпен, арзан авто­кредит беріледі. Бесіншіден, нарықта автокредит бойынша ұсыныстардың алуан түрі бар. Мұнда бәсекелестік жоғары болғандықтан, ең тиімдісін таңдай аласыз. 

Кредиттің «минусы» ретінде, бірін­шіден, көлігіңізге қызмет көрсету үшін өз қалтаңыздан қосымша шығын шы­ғаратыныңыз (лизингте лизинг беруші қызмет көрсетеді), екіншіден, несиені ай сайын уақытылы төлеп тұру міндетті екені (онсыз айыппұл салынады), үшін­шіден, көліктің салықтары мен сақ­тандыруын өз бетіңізше төлеуге тура келетіні аталды.  

Лизингтің оң жақтарына, біріншіден, амортизация және көліктің ескіруі ай сайынғы төлемді азайтатыны, екіншіден, ресімдеу процедурасының жеңілдігі, құжаттардың шағын ғана топтамасы қажет етілетіні жатқызылды. Үшіншіден, көліктің салықтары мен сақтандыруын жеке төлемейсіз (ол онсыз да ай сайынғы төлемге қосылған). Төртіншіден, төлем енгізу кестесі икемді болуы, төлемі сәл кешіктірілсе айыппұл салынбауы ықтимал (егер келісімшартта солай көрсетілсе). Бесіншіден, автомобильді сатпай-ақ жиі ауыстыруға мүмкіндік береді.

Лизингтің теріс жақтары жетерлік. Біріншіден, толық ақысын төлеп бол­ғанша, яғни жылдар бойы сіз автокөлік­тің түпкілікті қожайыны болмайсыз, барлық құжат лизинг берушінің сейфінде сақталады. Екіншіден, түбегейлі сатып алғанға дейін көлігін қиратып, бүлдіріп тастамауы үшін компания қаптаған шектеу қоюы мүмкін. Оларды орында­масаңыз, шарт біржақты бұзылады және бұған дейін жылдар бойы енгізген ақыңыз қайтарылмайды. Үшіншіден, лизинг беруші ай сайын төлеттіретін төлеміне жасырын төлемдер мен комиссиясын қоса салады. Салдарынан, ақыр соңын­да бір автокөлік орнына екеуінің, тіпті үшеуінің құнын өндіртіп алса, таңғал­маңыз. 

Мақаланы толығымен мына сілтемеден оқи аласыз

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз