Оқиға Дағыстанда болған.
Тікұшақ құлап, төрт адам қаза тапты
1,294
оқылды

Дағыстанда Ка-226 тікұшағы құлап, төрт адам қаза болды, үш адам жарақат алды.
Ria.ru хабарлауынша, оқиға Ащысу елді мекенінде болды. Тергеу мәліметінше, апатқа ұшу кезінде қозғалтқыштың тұтануы себеп болған.

Жараланған үш адам Избербаш қалалық ауруханасына жеткізілді, олардың екеуінің жағдайы өте ауыр. Тікұшақ Кизляр электромеханикалық зауытының қызметкерлерін тасымалдап бара жатқан, бортта жеті адам болған.

Құлаған әуе көлігі бос тұрған құрылыс нысанының үстіне түскені хабарланды. Қауіпсіздік ережесін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.