Шығыстың інжу-маржаны, құт қонып, ырыс дарыған, ілгеріден өзінің бірегей тұмса табиғатымен дүйім жұртшылыққа мәлім Катонқара­ғайдың аудан ретінде қайта жанданғанына екі жылдың жүзі болды.
Данияр Дүйсембаев, Катонқарағай ауданының әкімі: Катонқарағай – берекелі мекен
1,697
оқылды

Ел Президентінің Жарлығымен жүзеге асқан бұл айтулы оқиға болғанда, Төр Алтайдың баурайын жайлаған барша катонқарағайлықтар қуаныштан бөркін аспанға атты. 

Осы бір азғантай уақыт ішінде жаңа­дан құрылған ауданның бойы­на қайтадан қан жүгіріп, екін­ші тынысы ашылды. Аудан ор­талығы мен елді мекендер тұр­ғын­дарының өмір сүру сапасын арт­тырып, тұрмысын жақсарту жо­­лында ауыз толтырып айтар­лық­тай ау­қымды жұмыс атқарыла бастады. 

Қазір дамудың даңғыл жолына түс­кен жаңа ауданның тізгінін ұс­таған аудан әкімі Данияр Дүй­сем­баев – Катонқарағайды Тәуелсіздік жыл­дарынан бері басқарып келе жат­қан оныншы басшы. Ауданның бү­гінгі жай-күйі мен болашаққа қойыл­ған келелі істер жайында ау­дан әкімінің өзімен жүздесіп, сү­белі сұхбат құрудың сәті түсті. 

– Данияр Бекқазыұлы, Катон­қара­ғай ауданының басшылық тіз­гінін ұстағаныңызға бір жылдан ас­ты. Жаңадан құрылған өңірге бас­шы болу толағай жауапкершілікті ар­тады. Осы ретте ауданға әкім бо­лып келген кезде өзіңізге қандай мін­деттер жүктелді? 

– Рақмет! Иә, расымен де, шы­ғыс­тың киелі Катонқарағай жеріне бас­шы болу – маған облыс әкімі мен аудан тұрғындарынан көр­се­тіл­ген жоғары мәртебе, сонымен бір­ге зор сенім мен жауапкершілік. Ау­дан әкімі боп тағайындалған соң ма­ған осындағы халықтың әлеу­мет­тік жағдайын арттыру, эко­но­микалық даму қарқынын арттыру мін­деті жүктелді. Ең әуелі «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» қа­ғидатын басшылыққа ала отырып, жер­гілікті халықпен тиімді байла­ныс орнатуға, олардың өзекті мә­се­лелерін шешуге ерекше назар ау­дардым. 

– Ауданның бүгінгі әлеуметтік-эко­номикалық дамуы туралы тоқ­талсаңыз. 

– Осы жылдың тоғыз айындағы ау­­данның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуының барлық көрсеткіші бойынша былтырғы жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда, әлде­қай­да өсім байқалып отыр. Мәсе­лен, өнеркәсіп өнімін өндіру кө­ле­мі 1 млрд теңгеге жуықтады немесе өсім 164,5 пайызды көрсетті. Өң­деу өнеркәсібі 700 млн теңгеден ас­ты немесе 175,5 пайызға өсті, не­гізгі капиталға 25 млрд теңгеден ас­там инвестиция тартылды, был­тырғы жылға қарағанда 192%-ға артқан (2024 жылы 13 млрд теңгені құ­рады). Оның ішінде негізгі ка­пи­талға салынған жеке инвес­тиция­лардың көлемі 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 24,7 млрд теңгені құрады (2024 жылы 5 млрд теңге) немесе былтырғы жылғы дең­гейден 5 есе артқан. Өткен 9 ай­да құрылыс жұмысының көлемі де өсті, 4 088 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өсім 164 пайызды көрсетті. Жос­пар­ланған міндеттердің бірде-біреуі на­зарымыздан тыс қалмай, оңды ат­қарылып отыр деуіміз керек. 

– Катонқарағай жеке дара аудан болысымен өңірде құрылыс жұмысы қарқын алды. Осы бағытта атқарыл­ған жұмысты нақтылап өтсеңіз. 

– Әуелі, Катонқарағай ауданы­ның әкімшілік ғимараттары мен әлеу­меттік нысандарына күрделі жөн­деу жұмыстарын жүргізуге Қа­зақстан Үкіметінің резервінен жә­не облыстық бюджеттен 2 млрд теңгеден ас­там қаржы бөлініп, ауданның әкімшілік ор­­талығы Катонқарағай ауы­лын­да­ғы аудан әкімдігі, полиция бө­лі­мі­нің, сот, прокуратура, «Қа­зақ­те­ле­ком», ветеринариялық зертхана ғи­мараттары, «Қаратай» спорт ке­шені күрделі жөндеу көрді. 

Аудан орталығындағы көп­пә­тер­лі 3 үй қайта қалпына келтірілді. 2024 жылы Катонқарағай ауы­лын­да «Бір қабатты Шығыс» бағ­дар­ла­ма­сы аясында жалпы ауданы 1755 м² бо­латын 24 пәтерлік 12 тұр­ғын үй са­лынып, қолданысқа бе­рілді. Биыл 12 пәтерлі 6 үйдің құ­ры­лысы аяқ­тал­ды. Бұл үйлер аудан елді ме­кен­дерінде салынды. 

2024 жылы Мемлекет басшысы өз Жолдауында тағы бір жаңа­лық­ты жеткізді. Ол аудан аумағындағы бұ­рын-соңды болмаған халық­ара­лық әуежайдың салынуы. Бүгінде әуе­жайдың құрылысы қарқынды жү­ріп, тиісті жұмыс бір сәтке де то­­­ластаған жоқ. Келер жылы әуе­жай қолданысқа берілсе, еліміз бен алыс-жақын шетелден өлкемізді кө­руге асық қонақтарымызды кө­рер күн алыс емес. 

Катонқарағай туристік өңір бол­­ғандықтан, Қаракөл көлі ту­ризм­ді дамыту тұрғысынан үлкен әлеуетке ие, мұндағы Ақ Берел өзе­нінен өтер ағаш көпір 1974 жы­лы салынған. Катонқарағай ау­да­ны­ның тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық бөлімі «KF КТ-473 Қа­ракөл көліне кіреберіс авто­жо­лын­дағы Ақ Берел өзенінен өтетін кө­пірді реконструкциялау» жобасы бойынша жобалық-сметалық құ­жаттаманы әзірледі. Жобаны іске асыру құны 592 млн теңгені құ­рай­ды. Бүгінде құрылыс жұмысын бас­тауға облыстық бюджеттен 176 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. 

Қайта түлеген өңірдегі тұрғын­дар­дың тұрмысын жайлы, өмір сү­ру сапасын арттыру үшін әуелі әлеу­меттік нысандар толыққанды жұ­мыс істеуі керек. Мәселен, Топ­қайың ауылында Республика күні қарсаңында ауызсу желілері қайта жаң­ғыртылып, тұрғындардың игі­лігіне берілді. Бұл нысанда жауап­сыз мердігердің салдарынан бірер уақыт құрылыс жұмысы тұралап, қолданысқа берілуі мерзімінен ке­шеуілдеп қалған. Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың тікелей бақылауының арқасында ауызсу ны­санына тиесілі жұмыс биыл қар­­қын алып, сәтімен аяқталды. Ны­­сандағы жұмысты SELuX ЖШС қолға алып, ауыл тұрғын­да­ры­на елдік мереке қарсаңында ай­тулы сый жасады. 

Катонқарағай ауылындағы де­не­шынықтыру-сауықтыру кешені де жақында пайдалануға берілді. Бұл нысанның құрылысы да бір­не­ше жылға созылып, белгіленген жұ­мыс тоқтап қалған еді. Ке­шен­нің құрылысын қолға алған мер­ді­герлік ұйым жауапсыздық таны­тып, жұмысын аяқсыз қалдырды. Кейіннен қалған құрылыс жұ­мы­сын жергілікті кәсіпкерлер ALASH QURYLYS QZ мердігерлік ұйымы өз жауапкершілігіне алып, соңына дейін атқарып шықты. Жаңа спорт ке­шені – салауатты өмір салтын на­­сихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға арналған маңыз­­ды әлеуметтік нысан. Ғи­ма­рат ішінде бірнеше спорттық зал, за­манауи спорттық құрал-жаб­дықтар, көпшілікке арналған суда жүзу жабық бассейні де бар. 

Сонымен бірге Катонқарағай ауы­лында су құбыры желілері мен ны­сандарын жаңарту бойынша ау­қымды жоба аяқталуға жақын. Жо­баның жалпы құны – 4,4 млрд тең­ге. Су құбыры желілерінің жал­пы ұзындығы – 76,792 шақырым. Аудан орталығында тартылып жат­қан су құбыры желілері аяқталғанда мыңнан аса тұрғын таза әрі сапалы ауызсумен қамтылады. 

– Көші-қон үдерісін тұрақтан­дыру және тұрғындар санын арттыру ба­ғытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– Иә, бұл бағытта да нәтижелі жұ­мыс бар. 2025 жылы қоныс ау­дару бағдарламасымен еңбек күші ар­тық өңірлерден Катонқарағай ау­данына аймақтық квота шең­бе­рінде 9 отбасы, барлығы 24 адам қо­ныс аударды. 50 адам өңірімізге қо­ныс тебуге әзір, квота күтіп отыр. Аймақ басшысының тап­сыр­­­­масымен шалғайдағы аудан­дар­ға дәрігер мамандарды тарту бағ­дарламасы аясында Астана, Шымкент қалаларынан аудандық ауруханаға 7 маман жұмысқа келді. Хирург, терапевт, акушер-гине­ко­лог, жалпы тәжірибелі дәрігер, көз, реаниматолог дәрігерлер аудан ме­­дицинасының әлеуеті мен тұр­ғын­­дар санының артуына үлес қос­­ты. Мемлекеттік қолдау шара­ла­­рынан бөлек, дәрігерлер жергі­лік­ті әкімдік тарапынан тұрғын үй­мен қамтылды. Биылғы қазанда Шым­кент қаласында өткен бос жұ­мыс орындары жәрмеңкесінің нә­тижесінде Шымкенттен 68 от­ба­сы, Сарыағаш ауданынан 24 от­басы ауданымызға көшіп келуге ниетті. Аудандық Мансап орта­лы­ғы­ның осы бағыттағы нәтижелі жұ­мысы жоғары бағаланып, биыл­ғы 9 айдың қорытындысы бойын­ша аймақта «Үздік Мансап ор­та­лығы» атанып, облыс басшылығы тарапынан Chevrolet Cobalt авто­кө­лігіне ие болды. 

– Халқымызда «Жол азабын жүр­ген біледі» деген ертеден қалған тәм­сіл бар. Катонқарағай ауданында жолдардың жөнделуі бойынша қан­дай жұмыс атқарылды? 

– «Жол мұраты – жету...» де­мек­ші, өңірлердегі барлық сала­ның дамуы, әсіресе сауда-сат­тық­тың, сол арқылы эко­но­­микамыздың өр­кендеуі жолдарымызға да бай­ла­нысты. 2025 жылы жолдарды жөн­деу бойынша 6 жоба жоспарланған. Жобаларға барлығы 1,35 млрд тен­ге бөлінген. Атап айтқанда, ау­дан­дық маңыздағы автомобиль жо­лы туристік нысандарға кіре­бе­ріс және шығыстағы ең бірінші ел­ді мекен Аршаты ауылына кіре­бе­ріс жолының 0-12,8 шақыры­мы­на асфальт төселді. Согорное – Барлық – Ақсу жолының 28-41 ша­­­қырымына, Жазаба ауылына кі­реберіс жолының 0-6 шақы­ры­мы­на жөндеу жұмысы жалғасуда. Ка­тонқарағай ауданының Қо­ро­биха ауылына кіреберіс автомобиль жо­лының 16,5 шақырымының ағым­дағы жөндеуі, Жаңа-Үлгі – Жам­был – Берел жолының 0-12 ша­қырымына орташа жөндеуге дайындық жұмысы жасалып жа­тыр. Катонқарағай ауылының кө­ше­лерін орташа жөндеуге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 115 млн теңге бөлінді. 

Республикалық маңызы бар Өс­кемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары кө­лік жолының 437-450 ша­қы­рым­дары орташа жөндеуден өтті. Атап айтарлығы, елімізге кеңінен та­ны­мал «Рахман қайнары» шипа­жайы­на дейінгі жол күрделі жөн­деу­ден өтіп, келер жылы толықтай аяқ­талады. 

Жол жөндеу жұмысын ілге­рі­лету үшін биыл ауданымызда жаңа асфальт-бетон зауыты ашылып, іс­ке қосылды. Бұл зауыт сағатына 80 тонна асфальт шығарады. 

Катонқарағай ауылында көше жа­рығын орнату жұмыстарына жал­пы 30 миллион теңге қаражат бө­лінді. Жалпы саны 34 қырлы ті­рек пен 60 қарапайым тірек ор­нату, сондай-ақ 78 орынға кабе­ль­дер мен шамдарды ауыстыру жос­пар­ланған. Қазір жұмыстар жос­­­парға сәйкес жүргізілуде. 

– Катонқарағай ауданы туризм­нің орталығына айналып келеді. Жыл­дан-жылға өңірге келетін де­малушылардың саны артып, ту­ризм­нің дамуына айтарлықтай ық­пал етіп отыр. Осыған орай ау­­­­дандағы ту­ризм­ді дамыту бағытында қандай іс тындырылды? 

– Катонқарағай – еліміздегі көз тартар туристік аймақтың бірі. Ауданға келетін демалушылардың саны жылдан-жылға артпаса, ке­міген жоқ. Былтыр ауданымызға 150 мыңға жуық турист келді. Биыл туристік маусым бастал­ған­нан бері туристердің саны 200 мың­ға жетті. Жазда ауданымызда ау­қым­ды халықаралық «Алтай –түр­кі әлемінің алтын бесігі» ха­лық­аралық фестивалі, «Алтай – алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы, одан бөлек, жерлес жазу­шы­лар Қалихан Ысқақ пен Дидах­мет Әшімханұлының мерейтой­ла­ры­на орай өткен шараларға 10 мың­нан аса қонақ ағылды.

Туризмді дамыту жолында биыл ауданда 4 бірдей ірі инвес­ти­ция­лық жоба қолға алынды. Атап айт­қанда, Ақшарбақ ауылындағы «Верх-Катунь» пантымен емдеу ши­пажайын кеңейту, Аршаты ауы­лында Altay Resort курорттық ке­ше­­нінің құрылысы, Өрел ауы­лын­да­ғы MuzTau эко-отелі аумағында мей­рамхана салу, Катонқарағай ауы­лында ALTAY TERRA RESORT ту­­ристік кешенінің құрылысы жүр­­гізілді. Одан бөлек, биыл қыр­күйек­те Өскеменде өткен халық­ара­лық инвестициялық форумда Altai Taihe Real Estate Development Company Ltd халықаралық ком­па­ниясымен 8 млрд теңгенің жо­ба­сына, Pana Asia компаниясымен 6 млрд теңгеге туристік қалашығын салу бойынша меморандумға қол қойылды. Аудандағы туризмнің гүл­денуіне Мемлекет басшысының Катонқарағай ауданында әуежай салу туралы шешімі де үлкен сер­пін берді. Әуежай Астана, Алматы, Өскемен, Семей қалаларына ішкі рейстерді, сондай-ақ Алтай мен Қа­нас (Қытай Халық Респуб­ли­ка­сы), Баян-Өлгей (Моңғолия) ба­ғыт­тарын қамтамасыз етеді. Ту­ризм­ді дамытуда «Ауыл аманаты» бағ­дарламасы да көп септігін ти­гіз­ді. Биыл «Ауыл аманаты» бағ­дар­лама­сымен туризм бағытында 18 жоба ма­құлданды. Бұл жо­ба­лар­дың жал­пы құны 246,5 млн теңгені құрады. 

– Данияр Бекқазыұлы, әрине, бір сұхбатта бір ауданның бар тірші­лігін баян ету мүмкін емес. Әйтсе де, Катонқарағайдағы қарымды іс пен алға жоспарланған шаруаның негізгі өзегінен оқырманға олжа болар ой айтылды деп білеміз. Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Мадияр ТӨЛЕУ