Құтқарушылар үш иінді саты арқылы үшінші қабаттың балконына көтеріліп, қыздың төртінші қабаттан секіріп, арқанға ілініп, 3 пен 4-қабаттың арасында қалып қойғанын анықтады.
Құтқарушылар төртінші қабаттан секіріп, арқанға ілініп тұрған қызды аман алып қалды
Фото: видеодан скрин
2,768
оқылды

ТЖМ құтқарушылары қайғылы жағдайдың алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Сәтбаев қаласының 112 пультіне көпқабатты үйдің балконынан қыздың секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына жедел ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді. Құтқарушылар үш иінді саты арқылы үшінші қабаттың балконына көтеріліп, қыздың төртінші қабаттан секіріп, арқанға ілініп, 3 пен 4-қабаттың арасында қалып қойғанын анықтады. 

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, қызды арқаннан босатып, қауіпсіз жерге эвакуациялады. Одан кейін ол жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.