ҚазАвтоЖол үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі облыстарда көліктің барлық түрінің қозғалысына 2025 жылғы 7 қараша сағат 20:00-де шектеу қойылады:
Қарағанды облысы:
- "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті" автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы - Павлодар облысының шекарасы);
- "Қалқаман - Баянауыл - Үміткер - Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы - Ботақара ауылы).
Ақмола облысы:
- "Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы" автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы - Павлодар облысының шекарасы).
Жолды 2025 жылғы 8 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.