Қарақат Әбілдина желіде жасанды интеллект арқылы түрлі бейнежазба тарататындарға тоқтау болмай тұрғанына алаңдаушылық білдірді.
«Әжем көрсе, «Қарақатың қайда?» деп таяқпен қуатын еді...»: Қыдырәлі Болманов желіде тараған видео туралы айтты
3,028
оқылды

Әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов пен оның жұбайы, әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде өздері жайлы бейнежазба тарағанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Әлеуметтік желіде әншінің жас қызбен құшақтасып тұрған видеосы тарады. Қарақат Әбілдина желіде жасанды интеллект арқылы түрлі бейнежазба тарататындарға тоқтау болмай тұрғанына алаңдаушылық білдірді.

«Мынаны қараңыздаршы! Не сұмдық бұл? YouTube-та «Қыдырәлі, Қарақат» деп іздесең, осындай жасанды интеллектпен жасалған видеоларды салып жатыр. Кім көрінген ойына келгенді істеп, өтірік ақпарат таратады. Мұндай әрекеттерге қарсы заң бар ма?» - дейді әнші.

Қыдырәлі Болманов парақшасында жазба жариялап, видеода өзі емес екенін айтты.

«Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Тағы не жасайды екен мына белгісіздер. Әжем көрсе, «Қарақатың қайда?» деп таяғын алып мені тұра қуушы ма еді... Ол кісіге мұның жасанды интеллект екенін еш түсіндіре алмас едім. Сол сияқты апа-әжелерім, «Мынау не масқара?» деп қалмаңыздар. Бұл мен емеспін. Құдай сақтасын. Өте ыңғайсыздау екен. Балаларым көрсе не болады? Үлкендері түсінер, осы заманның балалары. Ал кішкентайларым ше? Бара-бара айнытпай жасайтын кез келгенде күніміз не болар екен?» - дейді әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.