Оқиға орнына қалпына келтіру пойыздары мен апаттық бригада жіберілген.
Ақмола облысында 8 вагон рельстен шығып кетті
Фото: istockphoto
923
оқылды

Ақмола облысындағы Макинка станциясына жақын орналасқан "Бота 2015" ЖШС-нің кірме жолында 8 жүк вагоны рельстен шығып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы "ҚТЖ" баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Локомотив жеке компанияға тиесілі. Бригада қызметкерлері де жеке ұйымның жұмысшылары. Оқиға салдарынан байланыс желісі құрылғылары зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздар қозғалысында кідірістер бар, – деп мәлімдеді "ҚТЖ" өкілдері.

Оқиға орнына қалпына келтіру пойыздары мен апаттық бригада жіберілген.

Кейін "ҚТЖ" Макинка станциясында жағдай тұрақталып, пойыз қозғалысы қайта жанданғанын хабарлады.

– Оқиға жеке ұйым қызметкерлерінің кінәсінен болған. Вагондардың рельстен шығу себептері тергеліп жатыр", – деп хабарлады компания.