Сыйлықты АҚШ-тан тапсырыспен алдырған.
Мұқасан Шахзадаев Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға ерекше сый жасады (видео)
3,194
оқылды

Әнші Мұқасан Шахзадаев Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға ерекше сыйлық берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

«Луганского көшесі жабық, Достық Плазаның автотұрағында Мұқасаннан сыйлық алып жатырмын. Өзі уәде еткен еді. Алла разы болсын», - дейді Мақпал Жүнісова.

Бейнежазбадан Мұқасан Шахзадаев Халық әртісіне көзілдірік сыйлап жатқанын көруге болады. Белгілі болғандай, түрлі түсті көзілдірікті ол АҚШ-тан тапсырыспен алдырған.

«Міне, Мақпал әпке! Сізге деген сыйлығымды әкелдім. Игілігіңізге тағыңыз», - дейді әнші.

Бұған дейін Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде Мұқасан Шахзадаевтың көзілдірігін тағып отырған видео жариялап, қызығып отырғанын айтқан. 

«Түркістанда тойда отырмыз. Мұқасанның көзілдірігіне қызығып отырмын. Төрт түске ауысады екен. Америкадан алыпты. Маған да тапсырыс беретін болды. Күшті. Телефон секілді қуатталады екен», - деген болатын.

Сонда Мұқасан Шахзадаев Мақпал Жүнісоваға тура сондай көзілдірік әперуге уәде берген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.