Оқиға 5 қарашаға қараған түні болған.
«12 адам жабылған»: Алматыдағы күзетші мен тұрғынды соққыға жықты
1,992
оқылды

Алматыдағы "Каспий" тұрғын үй кешенінде жаппай төбелес болып, күзетші мен бір тұрғынға бірнеше адам шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 5 қарашаға қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, шамамен 12 адам кешеннің күзет қызметкері мен тұрғынның бірін ұрып-соққан. Төбелес сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қақтығыстың нақты себебі әзірге белгісіз.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта алты күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

— Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін өрескел бұзады. Әрбір қатысушы заң алдында жауап береді, — деді Алатау ауданы Полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.