Жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетілді, қазір тексеру жүргізілуде.
Құлсарыда анасы мен баласын көлік қағып кетті
879
оқылды

Оқыс оқиға 5 қараша күні кешке Атырау облысындағы Құлсары қаласында Махамбет даңғылы мен Сырым Датов көшесінің қиылысында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, әйел баласымен бірге жолды рұқсат етілмеген жерден өткен кезінде оларды Hyundai автокөлігі қағып кеткен.

Жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетілді, қазір тексеру жүргізілуде.

Полиция тұрғындарға жолды тек белгіленген жерден өтуге және рульде мұқият болуға шақырады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы