Ойын 6 қараша күні Самсун қаласындағы «Самсун Йени Ондокуз Майыс» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
Матчтың бас төрешісі болып Болат Сариев тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен Денис Лабашов көмектеседі. Резервтегі төреші – Арман Есмұратов. VAR төрешісі – ағылшын Даррен Ингланд, ал AVAR қызметін Данияр Сахи атқарады.
Айзат АЙДАРҚЫЗЫ