Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Талағыңды бер де, өміріне араласпа!»: боксшы Махмұд Сабырханның қалай ажырасқаны белгілі болды
528
оқылды

Боксшы Махмұд Сабырханның екінші әйелі спортшының не үшін ажырасқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Махмұд онымен ажырасамын деп отбасын құрған жоқ, ондай ойы да болмаған. Маған бәрін түсіндіріп берді. Назым өзі кеткісі келген, кетті. Махмұд қанша оған түсіндіргісі келсе де, түсінбеген. Папасына да айтқан: "Қызыңыз кетемін деп жатыр, қой демейсіз бе?" деп. Сосын соңында папасы осылай жазып жіберген", - деді ол скринді көрсетіп. 

Боксшының екінші әйелі бөліскен скринде бірінші әйелі Назымның әкесі күйеу баласынан талақ айтуды сұраған. 

"Болды, талағыңды бер де, өміріне араласпа!", - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, боксшы, Олимпиада қатысушысы, екі дүркін Әлем чемпионы Махмұд Сабырханның екінші рет үйленгені туралы хабар желіде қызу талқыға түсті.