Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Биыл прокуратура бастамасымен 38 борышкерге қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істер сотқа жолданып, борышкерлерге қатысты сот үкімдері шықты.
Бұл республика бойынша алимент төлеу міндетін орындамаған борышкерлерге қатысты тіркеліп, сотқа жолданған қылмыстық істердің 9% құрап отыр.
Соңғы сот үкімі бойынша 4 миллион теңге алимент берешегі бар борышкер ҚК-нің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Аудан прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚК-нің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
Алдағы уақытта қала прокуратурасының ұйымдастырумен осы бағытта жұмыстар өз жалғасын табады.