Зардап шеккендер жоқ.
Алматыдағы 4 қабатты әкімшілік ғимараты өртке оранды
www.istockphoto.com
317
оқылды

Алматы қаласының өрт сөндірушілері Медеу ауданындағы Самал шағын ауданында орналасқан 4 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде пайдаланылмайтын ғимараттың шатыры көк түтінге оранған. Сол сәтте оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, оны сөндіруге бірнеше су оқпаны қосылды. Өртті оқшаулау үшін барлық шаралар қолданылды.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары ғимаратты адамдардың бар-жоғы тексеріліп, ешбір жанның зардап шекпегені анықталды. Оқиға орнына 55-ге жуық адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.