Оның бұрынғы күйеуі Иманмади Қалелхан қазір тергеу изоляторында отыр.
«Экс-күйеуі үйін сатып, қоқан-лоқы көрсеткен»: Индира Елемес араша сұрады
1,251
оқылды

Танымал әнші Индира Елемес әлеуметтік желіде Президентке, депутаттарға және қоғам белсенділеріне бейнеүндеу жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, өз қаражатына сатып алған үш пәтерін  заңсыз түрде тартып алып, көлігіне дейін сатып жіберген. 

– 2018 жылдан бері балаларымен бірге Алматыдағы «Эль-де-Франско» тұрғын үй кешенінде тұрып келдік.  Алайда бұл үйдің құрылыс компаниясы  RAMS өкілдері пәтерді өз аттарына қайта рәсімдеп, бар болғаны 25 млн теңгеге сатып алған. Ал  пәтердің нақты бағасы 125 млн теңге, – дейді ол.

Бұл мәміле оның бұрынғы күйеуі, қазір тергеу изоляторында отырған Иманмади Қалелханның атынан жасалған.

«Қалайша түрмеде отырған адам еркін келісімшартқа қол қойып, мені пәтерден шығарып тастауға қатыса алады? Менің атыма тіркелген көлігімді де үш есе арзан бағамен сатып жіберген», – дейді Индира Елемес бейнеүндеуде.

Сонымен қатар  ол бұрынғы жұбайының түрмеден әлеуметтік желілерге кіріп, өзіне жала жауып, туыстарына қоқан-лоқы жасап отырғанын да айтты. Әншінің сөзінше, ол бұл жағдайға байланысты полицияға бірнеше рет шағымданғанымен, іс қозғалған жоқ.

«Әділдік іздеп полицияға бардым, бірақ олар істі жауып тастады. Қазір өз үйімнен балаларыммен бірге қуылдым. Президент мырза, менің және балаларымның құқығын қорғауыңызды сұраймын», – деді Индира Елемес.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Indira Elemes (@indiraelemes)