Айару Тұрсынбекқызы әкесінің еркесі болғанын жасырмады.
"Ол туралы айтса, көңіл күйім түседі": Тұрсынбек Қабатовтың қызы әкесі жайлы ойын айтты
775
оқылды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үшінші қызы Айару желіде әкесіне қатысты ойын айтып, оқырмандарға өз пікірін білдірді. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Айару Тұрсынбекқызы әкесінің еркесі болғанын жасырмады. 

"Анамның қызымын. Бірақ көбірек әкеме жақын болдым. Қазір олай емес. Шынымды айтсам, әкем туралы айтса қатты көңіл күйім түседі, бірақ жарайды", – деді ол. 

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, кішкентай қызды қолдап, "қыздары өте ақылды", "кішкентай балаға ауыр жүк артып қою тек бізде ғана бар шығар", "баланың жүрегін осы сөздермен жаралайтынын неге ойламайды?" деген пікір білдірді.