Атырау облысы Құлсары қаласында айналма жолдың жанында орналасқан жанар-жағармай құю стансасының аумағында жанармай тиелген көліктің дөңгелектері жанып кетті.
Өрт жанармай тасығыштың дөңгелектеріне тез таралып, цистернаның жарылу қаупін тудырды.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жедел жетіп, цистернаны салқындату және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар көбікті қолданып, өртті қысқа мерзім ішінде толықтай сөндірді.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі батыл іс-қимылдарының арқасында үлкен жарылыстың жолы кесілді.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы