Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жуырда мансабын аяқтап, футболмен қош айтысатынын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы әлемнің үздік футболшысы журналист Пирс Морганның YouTube-тағы арнасына берген сұхбатында айтты.
"Жақын қалды, кәсіби мансабымды аяқтаймын. Бірақ бұған өзімді дайынмын деп ойлаймын. Иә, әрине, оңай болмайды, қиын жағдай. Мені жылайды дейсіз бе? Иә... Бұл өте қиын кезең болмақ, десе де бұл жағдайға алдын ала 25, 26, 27 жасымнан бастап дайындалдым", – деді Роналду.
Өткен маусымда Роналду барлық турнир бойында, "Әл-Наср" намысын қорғаған 41 матчта 35 гол соғып, төрт рет сәтті пас берген. Осы маусымда саудиялық клуб бес кездесуде 15 ұпай жинап, Сауд Арабиясы чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр.
Роналду отбасымен бірге 2023 жылдың қаңтарында Сауд Арабиясына көшіп келіп, "Әл-Наср" командасының сапында шабуылшы ретінде өнер көрсетуде. Тіпті, бұл команда Криштиану Роналдудың ұлымен келісімшартқа отырған болатын.
Танымал шабуылшы сұхбат барысында өмірінде жасаған ең қымбат саудасын айтты. Оның айтуынша, ондай дүниенің бірі – Роналдудың жеке ұшағы. Ол оны осыдан 13 жыл бұрын сатып алған екен.
Forbes Роналдуды әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы деп атады. Португалдық рейтингті басын бастап тұрғанына үшінші рет. Оның жылдық табысы – 275 миллион доллар.
Роналду – "Алтын доптың" бес дүркін иегері. Оның есебінде Чемпиондар лигасында бес жеңіс, сондай-ақ Англия, Испания және Италиядағы чемпиондық атағы тағы бар.